Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Бүгін Павлодар қаласы «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі негізінде  ұйымдастырған «Мектептер арасындағы серіктестік: тәжірибеден нәтижеге» тақырыбындағы облыстық форум аясында мектебіміздің екі педагогі, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Баймуханова Динара Каирболсыновна мен бастауыш сынып мұғалімі Нургалиева Айгуль Советовна өз тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Осындай семинарлар мен форумдар педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына, жаңа идеялармен бөлісуіне және білім беру сапасын арттыруға үлкен мүмкіндік береді.

Әріптестерімізге белсенділіктері мен кәсіби ізденістері үшін алғыс білдіреміз!