Күзгі каникуль уақытында «Торайғыров университеті» Павлодар облысының жалпы орта білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып оқушыларына ҰБТ пәндері бойынша олимпиада өткізді. Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. 1 кезең – 31 қазан күні «Тест», 2 кезең – 3 қараша күні «Эссе» жазу болды. Мектебіміздің 11 сынып оқушысы Омар Али «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша қатысып, жалпы олимпиаданың қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, бас жүлдені ұтып алды.
Бас жүлдеге университет гранты берілді. Ол алдағы уақытта 4 жыл қатарынан осы аталмыш оқу орынында тегін оқи алады.
Жетекшісі тарихы пәні мұғалымы — Мирас Жундубаев.