Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

ТІРЕК МЕКТЕБІ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, «AITAS» холдингі, «Білім берудің тұрақты дамуы» ҚҚ, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ААҚ бірлесе отыра «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» қайырымдылық жобасын іске асырып жатыр. 2022 жылы бұл жобаға қатысушы мектептер Республикада 17 болса, 2023 жылы олардың саны — 63 ке жетті. Біздің «Қатша Оспанова атындағы № 3 жалпы орта білім беру мектебі» 2023 жылы осы жобаға қосылды.

«Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы 2022 жылы басталды. Оның мақсаты — ауыл және қала мектептері арасындағы білім теңсіздігін жою.

«Қазақстан халқына» ұлттық қор, ауыл тірек мектеп әлеуетін арттыру жобасы аясында 2023-2024 оқу жылында біздің мектепке  250 млн (екі жүз елу миллион) теңге көлемінде  демеушілік көмек көрсетті.  Бастауыш сыныптар (6), даярлық сынып (1), информатика (2), логопед (1), психолог (1), әдістемелік кабинет (1), технология қыздар (1) және ұлдар (1), география (1), алғашқы әскери дайындық (1), орыс тілі (2), математика (2), қазақ тілі (2), ағылшын (2), музыка (1), кітапхана(1), робототехника (1), спорт зал (1),  мәжіліс зал (1), химия (1), физика (1), биология (1), телестудия (1), арт студия (1), СТЭМ (1), қазақ тілі және әдебиет (1) кабинеттері толығымен жабдықталды.

Осы мектепті қаржылық қолдау көрсетілген соң Ресей Федерациясы Москва мемлекеттк университетінің арнайы маманы Ф.И.Соколов «Логические игры» тақырыбында мектептің бастауыш сынып мұғалімдеріне 1 ай онлайн режимиінде практикалық семинар өткізді.

«Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» қайырымдылық жобасы әдістемелік қолдау жоспарын іске асыру мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы 2023 жылдың 30 қыркүйек пен 1 қазан күндері және 2024 жылдың 6,7 сәуір күндері Семей қаласында физика — математика бағытындағы Зияткерлік мектебінде Абай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары ауылдық жерлердегі жобаға қатысатын тірек мектептерінің  мұғалімдеріне «Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбында оқыту семинарын өткізеді.

Осы семинарға Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Қатша Оспанова атындағы № 3 ЖОББМ 30.09-01.10.2023 жж – 23 мұғалім, 6.7.04 күндері- 8 мұғалім барып келді.

Сонымен қоса Астана қаласында 2023 жылдың 2-3 қараша күндері өткен «Ауыл мектептерінің гүлденуі – қоғамның игілігінің кепілі» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға мектебімізден 4 мұғалімі (Мектеп директоры Г.М.Ахметжанова, директордың ғылыми әдістемелік жөніндегі орынбасары Е.А.Камзин, география және математика пәні мұғалімдері-Серикгалиева.Т.С, Садыков.М.А) қатысты. Сонымен қоса мектеп директоры «Равный доступ для всех  в любом месте6 в любое время» Нурлан Киясов өткізген семинарға, Астана қаласындағы «Назарбаев» университеті өткізген «Білім берудегі көшбасшы бағдары» тақыбырындағы семинарға қатысты.

Үш ай уақыт ішінде жоба аясында мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Нақты айтқанда, пән кабинеттері жабдықталып, STEM-зертхана, арт және телестудия ашылды. Осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін жоба демеушісі «Қазақстан халқына» қоры 250 мың теңге қаражат бөлді.

Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» мұғалімдері 2023-2024 оқу жылына бекітілген жоспарға сәйкес биология, физика, химия, қазақ тілі, география, орыс тілі, математика, ағылшын тілі пәндерінен секцияға бөлініп «Математикалық, компьютерлік, ғылыми – жаратылыстану, оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбында семинарлар өткізді. Семинарларда критериалды бағалаудың тиімділігін көрсету, сабақтағы кері байланыс жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау, кері байланысты ұйымдастыру жолдары көрсетілді.
Математика, биология сабақтарында зертханалық құрал-жабдықтарды қолдану тәжірибесімен де бөлісті.
Семинар жұмысының келесі кезеңінде тірек мектебінің биология, физика, қазақ тілі, география, математика, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері ашық сабақтар көрсетті.

2023-2024 оқу жылы ішінде Павлодар қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ екі рет Қ.Оспанова атындағы ЖББОМ келіп, мұғалімдермен біліктілікті көтеру семинарларын өткізсе, оқу жылы ішінде 4 рет вебинарлар өткізді.

2024-2025 оқу жылының басында Павлодар қаласындағы химия — биология бағытындағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ бірлесе оқу жылына жаңа жоспар жасалынып, 26-27 қыркүйек күндері жаратылыстану-математикалық және қоғамдық гуманитарлық бағыттағы пәндер мұғалімдеріне «шеберлік сағаттары» көрсетілді. 30 қазан күні барлық пән мұғалімерімен бірлескен «Қиын тақырыптарды меңгеру» тақырыбында вибинар өткізілді.

Сонымен қатар біздің мектебімізде тәрбие бағытында KiVa бағдарламасына ендік. Бұл бағытта мектеп директорның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог, педагог-ұйымдастырушы, сынып жетекшілері семинарларға қатысып, біліктіліктерін жетілдірді.

2024 жылдың 30 қазаны күні Астана қаласында «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасына қатысушы тірек мектептердің басшыларымен «ТІРЕК МЕКТЕПТЕР МИССИЯСЫ: ЭГАЛИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ» тақырыбында кеңес өткізіліп, мектеп басшысы қатысып келді.

14.11.2024 жылы Павлодар қаласындағы химия — биология бағытындағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ  облыстағы «тірек мектептері» (барлығы 8 мектеп) 9 сынып оқушылары арасында «Креатив шайқас-креативный бой» өткізілді. Осы сайысқа біздің мектебімізден «Глобус» командасы қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді.

МАГНИТТІК МЕКТЕПТЕРМЕН ЖҰМЫС

Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы «Қатша Оспанова атындағы № 3 ЖОББМ» базасына аудандағы шағын мектептерден «магниттік мектепер» он мектеп: «Аққайың ауылы ЖОББМ, Песчан № 2 ЖОББМ, Жаңақұрылыс НМ, Фрументьевка НМ, Әулиағаш ЖОББМ, Қызылтаң ЖОББМ, Байқоныс ЖОББМ, Тілеубай НМ, Жасқайрат НМ, Қоржынкөл ауылы ЖОББМ кіреді. Осы мектептермен оқу жылына арналған арнайы жоспар жасалынып, педагогтердің білім, біліктіліктерін арттыру бағытында жұмыстар жүргізілді.

Желтоқсан айының басында  жаратылыстану бағытында сабақ беретін мектеп мұғалімдеріне тағлымдама: сабақтарда критериалды бағалау әдістері /коучиг/ 1. пән мұғалімдерінің сабағына қатысу. 2.шеберлік сағаттарын көрсету жүргізілді.

Бұл күні магниттік мектептер педагогтеріне Қ.Оспанова атындағы № 3 ЖОББМ «тірек мектебі» мұғалімдері физика, химия, биология және жаратылыстану пәндері бойынша лабораториялық жұмыстар жүргізіп, іс-тәжірибелердің өтілу барысын көрсетті.

Сәуір айының 26 күні «магниттік мектептер» үшін Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ филиалымен бірлескен семинар өткізілді. Осы семинар барысында мектептің тәжірибелі педагогтері сабақтар көрсетіп, өздерінің жетістіктерімен бөлісті. НЗМ мұғалімдері «Оқушыға бағытталған оқыту әдістері» тақырыбында, пән мұғалімдері лабораториялық жұмыстар жүргізу, сондай-ақ «Педагогикалық шеберлікті арттыру» орталығының әдіскерлері «Функционалдық сауаттықты дамыту» тақырыптарында семинарлар өткізді.

Осы оқу жылы бойынша өткізілген жұмыстар қорытындыланып, келесі оқу жылында атқарылатын жұмыстар жөнінде ұсыныстар әзірленді.

Биылғы 2024-2025 оқу жылында «магниттік мектептер» басшыларымен қазан айында дөңгелек үстел өткізіліп, оқу жылында атқарылатын жоспарлар қарастырылды. Сонымен қоса қазан айында «Сабақтарда критериалды бағалау әдістері» тақырыбында вебинар өткізіліп, мектеп мұғалімдері тәжіибеерімен бөлісті. Қараша айында «Функционалдық сауаттылық және оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбында семинар өткізілді. Онда жаратылыстану-математика және қоғамдық гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша мектеп мұғалімдері ашық сабақтар беріп, тәжірибе алмасып, тренингтер өткізілді. Мектеп әкімшілігі жасалынып жатқан жұмыстар бойынша жоспарларымен бөлісті. Желтоқсан айының соңында «Гуманитарлық бағыттар бойынша оқушыларды байқау, олимпиадаларға дайындау, жаңа білім беру формалары» тақырыбында тіл және тарих пәні мұғалімдері «магниттік мектеп» мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетті.