Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Кәсіби бағдар жұмысын іске асыру мақсатымен, Тереңкөл аудандық төтенше жағдайлар бөліміне мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары саяхатқа барды.Бөлім басшысы Асқар Алетаев оқушыларды жылы қарсы алып, төтенше жағдайларға шығатын кездегі киім-кешек, арнайы құрылғылар, өртке шығатын машиналардың сипаттамасын көрсетіп таныстырды. Оқушылар арнайы көлікке мініп, өздерін өрт сөндіруші ретінде сезінді. Сонымен бірге өздерін қызықтыратын сауалдарды қойып, керемет әсерде болды.Осындай кездесулер арқылы оқушылар мамандықтың қыр-сырын танып, болашақта қандай маман иесі болғысы келетіні туралы ойланады.                   https://www.instagram.com/reel/C2gnbYTt1QC/?igsh=ajRmMTJsbzZ5bHZo