Жаңалықтар

Қатша Оспанова атындағы №3ЖОББМ өткізілген іс-шара туралы ақпарат «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың назарын АИТВ/ЖИТС мәселесіне аудару, физикалық тұрғыдан мықты, рухани және білімді жас азаматтың оң имиджін қалыптастыру мақсатында 2024 жылғы 13 желтоқсанда Оқушылар үйінде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай аудан орталығындағы мектептердің 8-9 сынып оқушылары арасында үгіт-насихат топтарының шолу-байқауы […]

Қатша Оспанова атындағы №3 ЖОББМ өткізілген іс-шара туралы ақпарат «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске астру аясында 2024 жылдың 6 желтоқсанында Тереңкөл ауылының орман аймағында әскери-спорттық ойыны өткізілді. Оның қатысушылары мектептердің әскери-патриоттық клубтарының оқушылары болды. Салтанатты ашылуда мемлекетіміздің әнұраны орындалып, жасақ командирлері қатысуға дайын екендіктерін жеткізді. Оқушылар үйінің директоры Қ.Д.Нурпеисова ойынның барлық қатысушыларына сәттілік тілеп, өтетін […]

Бүгін 2024 жылғы 26 қарашада, Павлодар облысының Полиция департаменті мен Прокуратурасының ұйымдастыруымен, Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының ақпараттық қолдауымен, «Мобильді нашақорлыққа қарсы пункт» аудандық мәдениет үйінде Есірткіге қарсы кездесу өткізді. Іс-шараға аудандық мектептердің жоғары сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның мақсаты – есірткі заттарының таралуына жол бермеу, салауатты өмір салтын насихаттау және жергілікті тұрғындарға кеңес беру көмегін ұсыну. Іс шара барысында нашақорлыққа қарсы Павлодар облысының басшысы Ирина Темиргалиева, аудандық прокуратура басшысы Күнсулу Бектурсинова, аудандық аппарат басшысы Р.Н.Бейсембаев сөз сөйлеп оқушыларға дұрыс таңдау жасап,салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Дәріс барысында Ирина Темиргалиева есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың құқықтық салдары мен олардың адам денсаулығына тигізетін зияны туралы ақпарат берді, бейнебаян көрсетілді. Жиында қатысушылар есірткіге тәуелділік қаупі, жасөспірімдердің құқыққа қайшы әрекеттерге тартылу әдістері туралы білді. Кездесу барысында Қатша Оспанова атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебінің 9.10 сынып қыздары флешмоб билеп, «Жастар нашақорлыққа қарсы деген» транспорантпен жастарға ұран тастады. #біртұтас_тәрбие_pvl #біртұтас_тәрбие_тереңкөл_pvl #біртұтас_тәрбие

Оқушылардың өзін-өзі басқару жұмысы бойынша, сайлау нәтижесі бойынша мектеп президенті болып 7а сынып оқушысы Тоқтамыс Әсемгүл сайланды. 04.11.2024 жылы саптық жиында салтанатты түрде ант қабылдап, мектеп парламенті фракцияларыныңі жетекшілерімен таныстырды. #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_pvl #біртұтас_тәрбие_тереңкөл_pvl

Қ. Оспанова атындағы ЖББО мектеп кітапханасында «Балалар кітапханасы» Республикалық жоба шеңберінде «Кітап -жан азығы» атты челленджіне 4-11 сынып оқушылары қатысуда. 11 сынып оқушысы Секенова Ажар және Жунусова Дильнара 4 «ә» сынып оқушылары Мейрашева Ясмина. Түгелбай Кәусар. Жазғы демалыста оқыған кітаптары мен бөлісуде. https://www.instagram.com/reel/DBJANnutLm5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==


Адал ұрпақ жоспары бойынша, жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы, челенджіне 9ә сынып оқушылары қатысуда. #біртұтас_тәрбие_pvl #біртұтас_тәрбие_тереңкөл_pvl #Адал ұрпақ #сыбайласжемқорлыққажолжоқ https://www.instagram.com/reel/DAYayxntx-K/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

26.09.24 күні ата-аналар қолдау орталығы жобасы аясында, «Даналар мектебі» жоспарына сай » Туыстық қарым-қатынас-баға жетпес байлық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Мектеп психологы ата-аналарды көңілді әнмен қарсы алды. Туыстық қарым-қатынас туралы бейнебаян көрсетіліп, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтар жайлы ата-аналар мен оқушылар пікір бөлісті. Оқушылар жеті аталарын атап, шежіре ағаштарын салып, мақал-мәтелдер айтты. 7 сынып қыздары туыстық қарым-қатынас […]

Бүгін 02 кыркүйек күні 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына Тайм менеджмент және өзін-өзі ұйымдастыру тақырыбында жиналыс өткізілді. Мектеп басшысы мектептегі жаңашылдықтарды атап айтты. «Біртұтас» тәрбие туралы айтылды.Жиынға қатысқан ата-аналар орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарымен танысты. Жиналысты мектеп әкімшілігі және қамқоршылық кеңестің мүшелері қатысты. Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі заңы […]