Біздің жетістіктер

Шексіз мүмкіндіктер:математика және инновациялар 1 облыстық форумында математика пәнінің мұғалімі Жунусова Бахыт Баяновна қатысып тәжірибесімен алмасты. https://www.instagram.com/p/DJEeRGVsWxl/?utm_source=ig_web_copy_link

2025 жылдың 15 сәуір күні Тереңкөл ауылында VI ұлттық мектеп лигасы аясында 7-8 сынып оқушылары арасында футбол бойынша жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте: Қ. Оспанова атындағы №3 ЖОМ 3 орынға ие болды.Жаттықтырушысы Шарапитов Н.Ж.

2025 жылғы 15 сәуірде мектеп парламентінің көшбасшысы (Президенті) облыстық «Мен – көшбасшымын» жобасы аясында өткен аудандық байқауға қатысып, мектептің белсенді оқушысы Ержигитова Арайлым құрметті ІІІ орынды иеленді. #лидерPVL #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_pvl #біртұтас_тәрбие_pvl_тереңкөл

Аудандық Дарындар толкыны конкурсында 1 сынып оқушылары Мәдениет Айару мен Кадылбек Еркеназ 3 орынға, «Қарлығаштар» вокалдық тобы 1орын және Багай Медина гран при иегері атанды. Тереңкөл ауданында жыл сайын дәстүрлі «Дарындар толқыны» балалар шығармашылығы мен талант фестивалі өткізіледі. 2025 жылдың 2 сәуірінде аудандық мәдениет үйінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында балалар шығармашылығының ХХІ – фестивалі өткізілді. […]

ТІРЕК МЕКТЕБІ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, «AITAS» холдингі, «Білім берудің тұрақты дамуы» ҚҚ, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ААҚ бірлесе отыра «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» қайырымдылық жобасын іске асырып жатыр. 2022 жылы бұл жобаға қатысушы мектептер Республикада 17 болса, 2023 жылы олардың саны — 63 ке жетті. Біздің «Қатша Оспанова […]