Қатша Оспанова атындағы №3 ЖОББМ Есірткіге қарсы кездесу туралы ақпарат
Бүгін 2024 жылғы 26 қарашада, Павлодар облысының Полиция департаменті мен Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының ақпараттық қолдауымен, «Мобильді нашақорлыққа қарсы пункт» аудандық мәдениет үйінде Есірткіге қарсы кездесу өткізді. Іс-шараға аудандық мектептердің жоғары сынып оқушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты – есірткі заттарының таралуына жол бермеу, салауатты өмір салтын насихаттау және жергілікті тұрғындарға кеңес беру көмегін ұсыну.
Іс шара барысында нашақорлыққа қарсы Павлодар облысының басшысы Ирина Темиргалиева, аудандық прокуратура басшысы Күнсулу Бектурсинова, аудандық аппарат басшысы Р.Н.Бейсембаев сөз сөйлеп оқушыларға дұрыс таңдау жасап,салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Дәріс барысында Ирина Темиргалиева есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың құқықтық салдары мен олардың адам денсаулығына тигізетін зияны туралы ақпарат берді, бейнебаян көрсетілді.
Жиында қатысушылар есірткіге тәуелділік қаупі, жасөспірімдердің құқыққа қайшы әрекеттерге тартылу әдістері туралы білді. Кездесу барысында Қатша Оспанова атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебінің 9.10 сынып қыздары флешмоб билеп, «Жастар нашақорлыққа қарсы деген» транспорантпен жастарға ұран тастады.