Бүгін 02 кыркүйек күні 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына Тайм менеджмент және өзін-өзі ұйымдастыру тақырыбында жиналыс өткізілді. Мектеп басшысы мектептегі жаңашылдықтарды атап айтты. «Біртұтас» тәрбие туралы айтылды.Жиынға қатысқан ата-аналар орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарымен танысты. Жиналысты мектеп әкімшілігі және қамқоршылық кеңестің мүшелері қатысты.
Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі заңы
47-бап.
3) Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган
белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.
49-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері.
6) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға;
7) білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 ақпанда № 13085 болып тіркелді.
Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар
5) Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.
6) Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.
7)Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
13) Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.
Сонымен бірге булингке қарсы KiVa республикалық пилоттық жобаға ену туралы ата-аналар қолдау орталығының жұмысы туралы айтылды.