Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Балаларға ұлттық тәрбие беру, рухани байлықты, моральдық тазалықты және физикалық кемелдікті біріктіретін тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында 2025 жылдың 17 сәуір күні Оқушылар үйінде «Мирас» облыстық жобасы аясында «Жас сарбаз-ел қорғаны» байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Бұл сайыс ұлттық мәдениеттің әр қырына назар аударып, қазақ ұлдарының ақыл-парасатын, өнерін көрсете алды. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды: Клуб презентациясы «Мирас» клубының 2024-2025 оқу жылындағы жұмысы, «Мен-болашақ жауынгер» саптық дайындық, «Әке көрген оқ жонар» көрініс көрсету, «Оңқай – асықтай, Күміс – қасықтай» асық ату сайысы.
Жеңімпаздар мен номинация иегерлерінің жетістіктерін мақтанышпен атап өтуге тұрарлық. «Көрермен көзайымы» номинациясымен Қ.Оспанова атындағы №3 ЖОББМ оқушылары марапатталды.  Байқау барысында қатысушылардың өнері мен білімін жоғары бағалап, ұлттың болашақ өкілдерінің шығармашылық әлеуетін танытты. Барлық қатысушылар дипломдармен марапатталды.

#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_pvl
#біртұтас_тәрбие_pvl_тереңкөл #біртұтас_тәрбие_pvl_тереңкөл_оқушыларүйі