Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жалпы білім беретін пәндерден Республикалық «Ауыл» олимпиадасының аудандық кезеңіне: Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, математика пәндерінен жалпы 22 оқушы қатысып, олардың ішінен 10 оқушы келесі облыстық кезеңге өтті. Олар Қазақстан тарихы пәнінен -7, қазақ тілінен – 1, математикадан -2 оқушы.

Мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.

«Ауыл» олимпиадасының облыстық ІІ кезеңінде мектебімізден 9 оқушы үш пәннен қатысып, 3 оқушы (А.Секенова -10 «а» математика, А.Этикбаева – 11 «ә» қазақ тілі, Ш.Түгелбай 11 «а» — математика) ІІІ орынды иеленді.