Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ата-аналардың мектеппен ынтымақтастығының басты баспалдақтарының бірі- оқу жылында өткізілетін ата-аналар оқуы болып табылады. Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу — қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы-жанұясы. Жанұялық тәрбие ата-ана менбала арасындағы қарым-қатынстық жүйе. Олай болса, ата-ана осы жүйені ғылым мен өнер ретінде жан-жақты меңгеру қажет. Сондықтан мұғалім мен ата-аналардың өзара қатынасы міндеттерінің ең негізгісі –психологиялық — педагогикалық білімдерін көтеру болып табылады.«Ата – аналарды педагогикалық қолдау» орталығы аясында өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруде ата – анамен бірлесе жұмыстар жүргізу.
Педагогикалық қолдау орталығының мақсаты:позитивті ата – ана мәдениетін дамыту арқылы балалардың әл- ауқатын, түлға ретінде үйлесімді дамуын қамтамасыз ету үшін орта білім беру ұйымдары мен ата – аналар арасындағы тиімді өзара әрекеттестікті нығайту.
Орталықтың міндеттері: Балалардың саламаттығын қамтамасыз ету үшін ата – аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық – педагогикалық және әлеуметтік құзыретін дамытуға арналған жүйелік педагогикалық қолдауды ұйымдастыру.Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда білім беру ұйымы және отбасы арасындағы өзара әрекеттестікті нығайту.Балалардың саламаттығын үдерісте қамтамасыз ету бойынша балалардың тәрбиесі мен дамуына ата – ана жауапкершілігін арттыру.
Жүзеге асу принциптері:
 Ұлттық мәдениет, құндылықтар мен дәстүрлердің сабақтастығы;
 Үдерістің гуманистік бағыттылығы;
 Ата – аналарға дифференциалды және жекелей қолдау көрсету;
 Заманауи ғылым мен тәжірибенің озық үлгілерін пайдалану;
 Әлеуметтік серіктестікке басымдық беру, ресурстық ұйымдар мен біліктілікті эксперттерді тарту;
Ата – аналарды педагогикалық қолдау көрсету орталықтарындағы сабақтардың мазмұны орта білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасына»және балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес олардың әл – ауқатты контексіндегі ұлттық құндылықтарға негізделеді. Педагогикалық қолдау 1 -11 сынып оқушыларының ата – аналарына арналған бағдарламаларды таңдауына сәйкес жүзеге асырылады.Педагогикалық қолдау бағдарламасы әр буын бойынша жыл көлемінде сегіз сабақты қамтиды.Атап айтсақ: мектебімізде ата – аналар оқуы әр буын бойынша ай сайын өтіп отырады.
1.1- 4 сынып ата – аналармен
1 — 4 сынып оқушылардың ата – аналарымен «Баланың тапқырлығы мен эрудициясын қалай дамытуға болады» тақырыбында ата – аналар оқуы ұйымдастырылып өткізілді.Мақсаты: ата – аналардың үйде балалардың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға бағытталған интеллектуалдық ойындар мен жаттығуларды қолдану дағдыларын дамыту.
https://www.instagram.com/p/C4XuhrstnVj/?igsh=dG9hZzUzcTdrbjU1

1-4 сынып ата — аналарымен Білімдіге дүние жарық тақырыбында ата — аналар оқуы өтті. Мектеп психологтары тренинг өткізді. https://www.instagram.com/p/C6LWG8DNkfv/?igsh=MWhqOWtlNXJjcGtr
4. «Отбасы – бақыт бесігі» тақырыбында 1-4 сынып ата-аналарымен ата — аналар оқуы өтті.Мақсаты: ата-аналардың әртүрлі жағдайларда балаға тиімді көмек көрсетуге дайындығын қалыптастыру.
https://www.instagram.com/p/CyQkx0gt8hY/?igsh=MTV5bmwxdG5vZGs1NA==
1.5 – 8 сынып ата – аналарымен
«Әрбір бала – жарық жұлдыз». «Әр баланың ерекшелігін қалай ашамыз»? тақырыбында ата – аналар оқуы өткізілді. Мақсаты: ата – аналарды жас дағдарысы кезінде жасөспіріммен үйлесімді қарым – қатынас орнату қабілетін дамыту.
https://www.instagram.com/p/C3-HIqJtZyw/?igsh=djJtd3YyNzRoczh6
8 сынып. «Жасөспірімдермен қарым-қатынас құпиялары,жүрек жылуы» тақырыбында жиналыс өтті.
9-11 сынып ата — аналарымен «Көркем мінез – баға жетпес байлық» тақырыбында ата – аналармен тренинг ұйымдастырылып өткізілді. https://www.instagram.com/p/C0UQasAtDy5/?igsh=MXV6aTF4ZG90bnNiOA==
10 сынып арасында Боламын деген баланың бетін қақпа, белін бу…тақырыбында 10 ә сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді.
17.05.24 күні 9 а сыныбында Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына. Құндылықтар – отбасы бақытының негізі тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.



https://randomus.ru/split
9.10.2023 жылы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде төмендегі сұрақтар қарастырылды.
1. Тірек мектеп: жайлы жағдай, жаңа мүмкіндіктер, бақытты балалар! Мектеп директоры Г.М.Ахметжанова
2. Құқықбұзушылықтың алдын алу туралы . ТЖДО И.Е.Асылгожина, Тереңкөл аудандық полиция бөлімінінің , кәмелеттік жасқа толмаған істері бойынша инспектор И.А.Шабазов
3. Жаңа оқу жылының ерекшеліктері туралы ОЖДО Ж.Т.Касимова
4.Оқуға құштар мектеп туралы. Кітапханашы Л.С.Нұрахметова баяндады. Сонымен бірге Жол инспекторы 16 жасқа келмеген оқушылар мотоциклмен жүру туралы ата-аналарға ақпарат берді.
Өткізілген ата – аналар оқуы әртүрлі әдіс – тәсілдерді ( семинар – практикумдер, тренингтер, іскерлік ойындар, пікірталастар, талқылаулар және т.б) қолдана отырып жүргізілді.
https://www.instagram.com/p/C7OuS9jNiqj/?hl=ru
https://www.instagram.com/p/C4Glta1Nak0/?hl=ru
https://www.instagram.com/p/C4Giy-RN1S5/?hl=ru
 Ата – аналарды педагогикалық қолдау орталық сабақтарында ата – аналармен өзара әрекеттесу үдерісінің ерекшеліктерін 4 топқа бөліп қарастыруға болады.
1.Эмоционалды көңіл – күй қалыптастыру. Бұл кезде ата – аналар сабақ тақырыбын ұғынады:ойындарға, тестерге қатысады, сұрақтарға жауап береді. Нәтижесінде: Сенімге негізделген қатынастар орнайды, білім беру үдерісіне қатысу қамтамасыз етіледі.
2.Ақпараттық болк: миға шабуыл, эксперимент, блиц – сұрақтар, сторителлинг, бейнематериалдар.Ата – аналар тарапынан ойланады, талқылайды, талдайды,қорытынды жасайды, QR код пен әдебиетке сілтемелерді пайдаланады.Нәтижесінде: Қойылған мәселелердің өзектілігін түсінеді, ананың, әкенің рөлі, балалардың жас ерекшеліктері туралы түсініктерін тереңдетеді.
3.Практикалық іс – әрекет: тренингтер, хакатон, ворк –шоп, кейс – стади,жаттығулар, іскер ойындар, рөлдік ойындар, шағын пікірталастар және т.б.Ата – аналар тарапынан өз ұстанымдарын айтады,шешім ұсынады, рөлдерді орындайды, өз тәжірибелерімен бөліседі, бір – бірінен үйренеді, шағын жобалар, алгоритмдер жасайды, шығармашылық тапсырмаларды орындайды. Нәтижесінде:Отбасындағы қарым – қатынас, белсенді тыңдау, жанжалды реттеу, күйзеліске төзімділікті дамыту, стандартты емес жағдайларды шешу дағдыларын игереді.
Ата – аналардың педагогикалық қолдау орталығының негізінде «Даналық мектебі»клубы құрылды.«Даналық мектебі» клубының қызметі білім беру ұйымының позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыру және дамыту жөніндегі жұмыстың ажырамас бөлігі болып табылады.
 «Даналық мектебі» клубы қызметінің мақсаты – аға буынның педагогикалық әлеуетін өзектендіру арқылы ата-аналардың позитивті мәдениетін дамытуға жәрдемдесу.
Клубтың міндеттері:
 аға буынның бастамашыл және ресурстық өкілдерін позитивті ата-ана мәдениетін дамыту жөніндегі жұмысқа тарту;
 ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді білім берудің негізгі өзегіне айналдыруға жәрдемдесу;
 өскелең ұрпақты тәрбиелеуде халықтың ұлттық құндылықтары мен педагогикалық дәстүрлерін қолданудың оң тәжірибесін таратуға ықпал ету. «Даналық мектебі» клубының қызметінен күтілетін нәтиже:
 позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыру және өскелең ұрпақты тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешу үшін аға буынның тәжірибесін табысты пайдалану.
Әрбір қызмет бағытының орасан зор педагогикалық әлеуетін ескере отырып, әрбір білім беру ұйымында клубтың барлық 4 секциясы жұмыс атқарады:
Ата өсиеті»: — Жете атасын білгенұл, жеті жұрттың қамын жер
-Бабалардәстүрі – ұрпаққаөсиет
« Әже даналығы»
-Ертегі – танымының көзі
-Ырым – тыйым – әдептілік негізі
«Аға қамқорлығы»
-Ағасы бардың – жағасы бар
-Ер жігітке жарасар салауатты бейнесі
«Жеңге кеңесі»
-Қыз ғұмырдың құпиялары
-Қыздар білуге тиіс.
 «Даналық мектебі»клубы жыл көлемінде сегіз сабақты қамти отырып, жұмыс жоспары жасалып, жоспар негізінде жұмыстар атқарылды.Атап айтсақ:
1.Шеберлер ауылы»оқушылар қолынан шыққан ұлттық бұйымдар.(Әжелер мектебі)
https://www.instagram.com/p/C2ghLLQI0XH/?igsh=MWxwbGlhZDA2azQ1cQ==
https://www.instagram.com/reel/C2j004yL-BZ/?igsh=bGcxcHN5eTFyeG5s

Құжаттама