Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ақпанның 12 күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Даналық мектебі: үйлесімді тұлға қалыптастырудың негіздері» атты облыстық семинар Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Қатша Оспанова атындағы №3 жалпы орта білім беру мектебінде өтті. Семинардың мақсаты: Біртұтас тәрбие жүйесінің маңыздылығын түсіндіру, тәрбиенің отбасылық, мектептік және қоғамдық деңгейде үйлесімді жүзеге асырылу жолдарын қарастыру, педагогтар мен ата-аналарды тәрбиелік үдерістерді тиімді ұйымдастыруға бағыттау. Сондай-ақ, қатысушыларға тұлғаны жан-жақты дамытуға арналған заманауи әдіс-тәсілдерді ұсыну және тәжірибе алмасу алаңын құру. Семинарға Ақсу, Аққулы, Железинка, Ертіс аудандарынан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері қатысты.

Қонақтарды «Назқоңыр» фольклорлық ансамбль қарсы алып, семинардың ашылу салтанында аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Гүлжиян Сайткалиевна Кусаинова сөз сөйледі. Мектеп психологтары Н.Ж.Шугаипова мен Ж.Т.Алиякпарова көтеріңкі-көңіл күй сыйлау мақсатында тренинг өткізді.Қонақтар арнайы әзірленген бағдарлама бойынша, тәжірибе алмасу сабақтарына қатысты. «Қол өнер-төл өнер» көрмесін Жасқайрат НМ аға тәлімгері Ж.Ә. Мақсұмова, Жеңгелер мектебін химия пән мұғалімі З.Т.Балташева және 5-11 сынып жетекшілері, әже даналығы, «Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі» қолөнер шығармашылық сағатын көркем еңбек пән мұғалімі Г.К.Исмаилова және «Ақ баян», «Шырақ» халықтық вокалдық ансамблі, «Ата кәсіп берекенің бастауы» көркем еңбек пән мұғалімдері ата-аналармен біріге отырып ұйымдастырса, Аға қамқорлығы мектебі бойынша бастауыш сынып мұғалімдері «Аға ішкен бұлақтан,інісі де су ішер» деп шеберлік сағатын көрсетті.

Әкелер мектебі бойынша «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» ұлттық ойын арқылы тәрбиелеудің ұтымды әдістері туралы денешынықтыру және алғашқы әскери дайындық пән мұғалімдері шеберлік сағатымен таныстырды. Атап айтқанда «Ләңгі» А.М.Шамшиева, қазақша күрес Н.Н.Шарапитов,Садақ ату С.А.Адылбаев, «асық ату» Т.Б.Тембаев ұйымдастырып көрсетті. Семинарға қатысушылар семинардың қорытындысына мәжіліс залға жиналып, концерттік бағдарламаны тамашалады. Мектеп директоры Г.М. Ахметжанова қонақтарға,қатысқан ата-аналарға алғысын айтты. алғысын айтты.