Павлодар облысының білім беру басқармасы, Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің Қатша Оспанова атындағы N3 жалпы орта білім беру мектебінің әкімшілігі 2024-2025 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау тапсыруда мына жағдайларды ескертеді!!!
Бітіруші 4 және 9-11 сынып оқушыларынан мектеп қажеттілігіне ақша жинау;
Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру.
Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге қандай да бір сыйлықтар беру.
Бұл шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.
Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
Оқушыларды» Соңғы қоңырау» іс-шарасының өткізілу тәртібі мен қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқаулық пен таныстыра отырып, ата-анасының немесе заңды өкілінің, тек біреуінің қатысуы кешенді қауіпсіздік шараларды қамтамасыз ететіндігін ескертеміз.
Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтарға кез келген түрдегі сыйлықтарды қабылдауға қатаң түрде тыйым салынады
Оқушылардың ойын-сауық алаңдары, мейрамханалар мен сабақтарға баруына тыйым салынатындығын ескертеміз.
Қорытынды аттестаттау кезінде әртүрлі мақсатта ата -аналардан қаражат жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыруға қатаң түрде тыйым салынады.