Аудандық Дарындар толкыны конкурсында 1 сынып оқушылары Мәдениет Айару мен Кадылбек Еркеназ 3 орынға, «Қарлығаштар» вокалдық тобы 1орын және Багай Медина гран при иегері атанды.
Тереңкөл ауданында жыл сайын дәстүрлі «Дарындар толқыны» балалар шығармашылығы мен талант фестивалі өткізіледі.
2025 жылдың 2 сәуірінде аудандық мәдениет үйінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында балалар шығармашылығының ХХІ – фестивалі өткізілді. Фестивальді ұйымдастырушылар-Оқушылар үйінің мұғалімдері. Фестивальдің жалпы саны 172 қатысушыны құрады, олардың ішінде аудан мектептерінің оқушылары, музыка мектебінің және оқушылар үйінің тәрбиеленушілері бар.
Іс-шараның негізгі мақсаты ауданның жалпы білім беру жүйесіндегі балалар шығармашылық ұжымдарының дарынды орындаушыларын анықтау және қолдау болды.
Фестиваль алты номинация бойынша өткізілді: Жеке вокал кіші және үлкен жас санаттары, вокалдық топтар, аспаптық жанр, кіші және үлкен жас санатындағы хореографиялық жанр.
Барлық қатысушылар өздерінің шеберлігі мен талантын көрсетуге көп күш жұмсады. Фестиваль қатысушылары лайықты өнер көрсетіп, көрермендерді таң қалдырып, баурап алды.
https://www.instagram.com/share/p/_r88X-I8t
https://www.instagram.com/share/p/BAck9_bhJT
https://www.instagram.com/share/reel/_p0nZEmFR