Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Қаңтардың 21 күні жасөспірімдер арасында «Құқықтық лабиринт» ойыны өткізілді. Ойынға аудандық мектептер қатысты. Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру. Квест ойын 5 станциядан құралды. Олар:
1 «Гражданин своей страны» Рахимжанова А.Ж.
2 «Наша школа» Ахметова А.А.
3«Виды юридической ответственности» Муханова А.А.
4.«Герои сказок» Нұрахметова Л.С
5 «Раскрытие преступления» Шугаипова Н.Ж. Оқушылар құқық бойынша сұрақтарға жауап беріп, жасанды интелектпен әзірленген ойын ойнап, сөзжұмбақ шешіп,ертегі кейіпкерлерін анықтады. Ойыншыларды аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Б.А.Уртаков, Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері И.О.Джумалинова, Аудандық ішкі істер бөлімінің инспекторы И.А.Шабамбаев бғалады. Нәтижесінде А.Елгин атындағы №1 мектеп ІІІ орын, А.Текенов атындағы №2 мектеп ІІ орын, Қ.Оспанова атындағы №3 мектеп І орынға ие болды.