Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Қатша Оспанова атындағы №3ЖОББМ өткізілген іс-шара туралы ақпарат

18 желтоқсан күні біздің мектепте, Рахимжан Қошқарбаевтың  100 жылдығына және Бауыржан Момышұлының 114  жылдығына арналған мектепшілік 9-11 сыныптар арасында «Сарбаз» атты әскери-спорттық сайысы  өтті. Сайыстың мақсаты:

1.Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру

2.Патриотизмге, Отансүйгіштікке, Отанын қорғауға тәрбиелеу.

3.ҚР халықтарының әскери, еңбек және ұлттық дәстүрлерге беріктігін қалыптастыру.Сайысқа  сегіз команда қатысты. Әскери спорттық эстафета келесі бөлімдер бойынша өтті.

А) АК-74 автоматын бөлшектеп  бұзу, жинау

Б) Оқ ату

В)Медициналық дайындық

Г) Жатып денені көтеру

Д) Кермеде тартылу

Е) Противогаз кию

Ж) Арқан тарту

Сайыс нәтижесінде   10 «А» сынып  оқушылары І жүлделі орынға ие болды. ІІ орын 11 «А», ІІІ орын Томарлы ЖОББМ командасы. Жетекшісі: Адылбаев С.А.

 

https://www.instagram.com/share/p/_j8pn9pj5