Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Қатша Оспанова атындағы №3 ЖОББМ  өткізілген іс-шара туралы ақпарат

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске астру аясында 2024 жылдың 6 желтоқсанында Тереңкөл ауылының орман аймағында әскери-спорттық ойыны өткізілді. Оның қатысушылары мектептердің әскери-патриоттық клубтарының оқушылары болды. Салтанатты ашылуда мемлекетіміздің әнұраны орындалып, жасақ командирлері қатысуға дайын екендіктерін жеткізді. Оқушылар үйінің директоры Қ.Д.Нурпеисова ойынның барлық қатысушыларына  сәттілік тілеп, өтетін кезеңдер туралы хабардар етті.
Ойын әскери-спорттық эстафета түрінде өтті, онда командалар белгілі бір маршрут бойынша қозғалды.  Әр кезеңде әр эстафетаның тапсырмасын түсіндіріп, оның орындалу дұрыстығын тексеретін мұғалімдер болды. Оқушылар барлық кезеңдерді үлкен қызығушылықпен өтті.
Ойынның жабылу салтанатында командаларға дипломдар мен медальдар табыс етілді. Ойынының жеңімпаздары А.Текенов атындағы № 2 мектебінің әскери-патриоттық клубының оқушылары болса, II — орынды Қ.Оспанова атындағы № 3 орта мектебінің командасы, III орынды А.Н. Елгин атындағы №1 мектебінің командасы иеленді.
Марапаттау рәсімінен кейін барлығына қазанда дайындалған дәмді палау мен ыстық шай ұсынылды.
Осы ойын сияқты іс-шаралар ұжымды біріктіруге, оқушылардың дене қасиеттерін дамытуға, жасөспірімдерді салауатты өмір салтына баулуға, экстремалды жағдайларда әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.
Оқушылар үйі ұжымының үйлесімді жұмысының арқасында ойын қызықты және танымдық болып ұйымдастырылды.