Қатша Оспанова атындағы №3ЖОББМ өткізілген іс-шара туралы ақпарат
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың назарын АИТВ/ЖИТС мәселесіне аудару, физикалық тұрғыдан мықты, рухани және білімді жас азаматтың оң имиджін қалыптастыру мақсатында 2024 жылғы 13 желтоқсанда Оқушылар үйінде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай аудан орталығындағы мектептердің 8-9 сынып оқушылары арасында үгіт-насихат топтарының шолу-байқауы өтті. Жауапты мұғалім аға тәлімгер оқушыларды агитбригада бағдарламасына толық дайындады. Біздің мектеп оқушылар жүлделі Іорынға ие болды.
Іс-шараға: Полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция майоры — Е.Қ.Альжанов , кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы полиция капитаны И.А.Шабамбаев, медицина қызметкері дәрігер эпидимиолог — М.Р.Мирюсупов., Оқушылар үйінің директоры Қ.Д.Нурпеисова қатысты.
Қатысушылар өздерінің жарқын, шығармашылық қойылымдарында осы дүниежүзілік проблемаға өз көзқарастарын білдірді және темекі шегу, нашақорлық, маскүнемдік және нашар өмір салты сияқты проблемаларға наразылықтарын білдірді.
АИТВ/ЖИТС – бұл қаншалықты қауіпті және одан қалай қорғануға болады деген сұрақтар бойынша қатысушыларға медицина қызметкері М.Р.Мирюсупов ақпарат беріп, «Өмірді таңда» қысқаметражды фильмін көргеннен кейін балалар пікірталасқа қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жүлделерді келесідей бөлді:
І -орынды №3 орта мектептің командасы, ІІ -орынды №1 орта мектептің үгіт-насихат командасы және ІІІ- орынды №2 орта мектептің үгіт-насихат тобы иеленді.
#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_pvl #біртұтас_тәрбие_pvl_тереңкөл