Сенбі 16 қараша күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ “Павлодар қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының ұйымдастыруымен 9-сынып оқушылары арасында «креатив-жекпе-жек» желілік командалық-зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Бұл ойынға облыстың 8 ауданның «тірек мектептері» және «Назарбаев зияткерлік мектебі» 9 сынып оқушылары қатысты. Осы «креатив-жекпе-жек» желілік командалық-зияткерлік ойынында біздің мектебіміздің 9 «ә» сынып оқушыларынан құралған «Глобус» командасы жүлделі ІІ орынға ие болды. Команда құрамында — Сыздыкова Сабина, Қожахмет Аяна, Игликова Алтынай, Назымбекова Малика өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетіп, мақтау қағазы мен сертификаттарға ие болды. Құттықтаймыз!
Сенбі 16 қараша күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ “Павлодар қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының ұйымдастыруымен 9-сынып оқушылары арасында «креатив-жекпе-жек» желілік командалық-зияткерлік ойыны ұйымдастырылды
