Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Сапалы ұйқы балалардың дамуы мен денсаулығының негізі17.10.2024 ж Қ.Оспанова атындағы №3 ЖББОМ “Ата — аналарды қолдау орталығы” аясында 5-9 сынып ата-аналарымен “Сапалы ұйқы балалардың дамуы мен денсаулығының негізі” тақырыбында трениег өткізілді.
Мақсаты: баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау факторы ретінде ата-аналардың ұйқыға құндылық қатынасын қалыптастыру.
“Менің балам” сергіту жаттығу арқылы мектеп психологы Н.Ж.Шугаипова тренингті бастап ата-аналарға қолайлы көңілді күй сыйлады. Ата -аналардан өз балаларының жағымды қасиеттері туралы ойларын тыңдадық.

Мектебіміздің медбикесі А.Н.Нурланбекова  “Ұйқының баланың тұлғалық дамуына әсері” атты шағын лекциясымен бастап бейнефильм көрсетті.

Ата-аналарға бала толық сауығып, демалып, жаңа білімді игеру үшін күш жинап, ауруына байланысты мектептен қалмай, өзінің иммунды жүйесін қуаттандыруы үшін оның ұйқысы қандай болуы тиіс екенін түсірдірді.
Т.С.Серікғалиева ата-аналармен ұйқының функциялары жаттығуын өткізді. Жаттығудың мақсаты ата-аналардың баланың уақытылы және толыққанды ұйықтауын ұйымдастырудың тиімді даңдыларын қалыптастыруға қызығушылығын аттыру. Суретте пазлдың 8 бөлшегі бейнеленген, пазлды таңдап, ұйқының бала ағзасы үшін маңызды екенін анықтап нәтижесін көрсету болды. Пазлды құрау арқылы ұйқының негізгі қағидаларын құрап, өздері үшін жаңа білім алды.

Тренинг ортасында ата-аналармен сергіту сәті өтті.
1. Бойы ұзын адамды құшақтаңыз.
2.  Шашы сары  адамды құшақтаңыз
3. Ұзын шашты адамды құшақтаңыз.
4. Сізден жасы үлкен адамды құшақтаңыз.
5. Сізден бой төмен адамды құшақтаңыз.
6.  Жүзі жылы адамды құшақтаңыз
7. Сіздің оң жағынызда отырған/тұрған адамды құшақтаңыз.
8. Сіздің сол жағынызда отырған/тұрған адамды құшақтаңыз.
9. Керемет күлкісі бар адамды құшақтаңыз
10. Әрдайым көмектесуге дайын адамды құшақтаңыз
11. Үстінде қара киімі бар адамды құшақтаныз
12.  Аяғында қара түсті емес аяқ киімі бар адамды құшақтаныз
13.  Танитын адамынызды құшақтаныз
Т.С.Серікғалиева Ата-аналарға арналған “Дұрыс ұйқы ережелері” жайында үлестірме парақ таратылды. Параққа ата-аналар өз ойларын жазып бөлісті.

Г.С.Сапаргалиева ата-аналардан кері байланыс алу үшін “Түстер шоғыры” рефлекциясын өткізді. Ата-аналарға түрлі-түсті “Кәмпит” түріндегі карталардан тұратын “Карамель” жиынтығы ұсынылды. Сол жиынтыққа ата-аналар осы тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп оларды шынайы кәмпиттерге ауыстырды.

Пән мұғалімдері:   Серікғалиева Т.С
Сапарғалиева Г.С