Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Қ.Оспанова атындағы №3  жалпы  орта  білім беретін  мектебінің

2023-2024 оқу жылы бойынша ҰБТ қорытынды

2023-24 оқу жылы 11 сынып тұлектер саны -23 . Жылдағыдан ҰБТ ерекшелігі түлектерге   2 рет  тегін ҰБТ тапсыруға жағдай жасалды. Жалпы 11 оқушы грант иегері атанып жоғары оқу орындарының 1 курс күндізгі бөлім студенті атанды. 1 түлек ҚР қарулы күштер қатарына азаматтық борышын өтеуге кетті. 7 тұлек жоғары оқу орнында ақылы оқиды, 4 түлек колледждердің студенті.

Сонда білім сапасы 55 % — болса, 85% түлектер студент атанды. 4 Алтын белгі иегерлері «Алтын белгі» алып, өз білімдерін дәлелдеді. Былтырғы оқу жылы оқушылар өз таңдаған  бейінді  пәндерлен : информатика , математика, география, дүние жүзі тарихы пәндерінен жоғары балл жинап, дайындықтары жақсы, жыл бойы  тиянақты дайындалғандарын  яғни , білімдерін дәлелдеді.

2024-2025 оқу жылы 11 сынып оқушыларының саны -19. Жаратылыстану математика, қоғамдық гуманитарлық бағытта оқып жатыр. Жыл басынан оқушылармен кеңесе отырып аптасына екі күннен кеңес сабақтары өтуде. Биылғы жылы  «Алтын белгі»   үміткері Секенова А.

Мектебіміз 2001 ж 10 желтоқсан   Качир  қазақ мектебі болып ашылып, 2003 жылы қараша айында ҚССР үздік мұғалімі Қ.Оспанова аты беріліп, бүгінгі күні математика пәні мұғалімі, директордың оқу жөніндегі меңгеруші  Қатша Оспанова атындағы  №3  ЖОББМ .  Бүгінгі күнге дейін мектебімізде 15 Алтын белгі иегерлері , 1 үздік аттестат иегері болды. 2010-2011  оқу жылынан бүгінгі күнге дейін  308 оқушы осы мектептің түлектері атанып, әр салада қызмет жасауда.

Биылғы оқу жылында ұжымда 46 педагог қызмет етуде. Оның ішінде 1 мұғалім педагог-мастер, 12 мұғалім педагог-зерттеуші, 15 мұғалім педагог-эксперт, 15 мұғалім  педагог-модератор. Мектеп директоры екінші санатты басшы  болса, директордың  3 орынбасары -3 санатты  директор орынбасарлары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Биылғы қаңтардағы ҰБТ-ның басты ерекшеліктері:

 

  1. Бірінші маңызды өзгеріс — міндетті және бейіндік пәндер бойынша тапсырмалар санының өзгергенінде.

Қазақстан тарихы мен математикалық сауаттылық бойынша тапсырмалар саны қысқартылды.

Міндетті пәндер:

  1. Қазақстан тарихы – 20 тапсырма;
  2. Оқу сауаттылығы – 10 тапсырма.
  3. Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма;

ҰБТ-ның бейіндік пәндері бойынша тест тапсырмаларының саны артты:

  1. 1-бейіндік пән – 35 тапсырма;
  2. 2-бейіндік пән – 35 тапсырма.

Тестіленушілер Қазақстан тарихы мен математикалық сауаттылық пәндері бойынша 15 балл, оқу сауаттылығы бойынша 20 балл және бейіндік пәндердің әрқайсысынан 45 балдан жинай алады. Бірақ жалпы балл — (140 балл) өзгеріссіз қалады.

  1. 2. Екінші маңызды өзгеріс — бейіндік пәндерге контекст негізіндегі тест тапсырмаларының қосылуы.
    Контекст негізіндегі тапсырмалар пән бойынша терең білімді (меңгерудің жоғары деңгейі), контекстті оқу мен түсіну, контекст мазмұны бойынша рефлексия жасау, салыстыру мен талдау және т.б. кең көлемдегі дағдылар мен біліктерді бағалайды.

Карантин жағдайында өткізілген тестілеудің әрбір кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптары сақталды: медициналық қызметкерлердің кезекшілігі ұйымдастырылып, қатаң маскалық режим, дезинфекциялық іс-шаралар (баррикадалық ленталар, тепловизордың, кварцтауға арналған аппараттың болуы) жүргізілді.

Тестіленушілер тестілеуге жеке басын куәландыратын құжатпен, жеке басын куәландыратын құжаты жоқ тұлғалар туу туралы куәлігімен және өзі білім алатын орта білім беру ұйымының анықтамасымен кіргізілді.