Қыркүйек айының 30 мен 1 қазан күндері Павлодар қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ химия-биология бағытындағы мектебі «Ауылдық жерлердегі тірек мектептері әлеуетін арттыру» жобасын іске асыру бағытында екі күндік тағлымдама өткізді. Осы тағлымдама «Жаратылыстану -математикалық және гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқыту және оқыту тәселдері, сабақтарда критериалды бағалауды қолдану» тақырыбында ұйымдастырылды. Аталған шараға біздің Қ.Оспанова атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің ұжымы да қатысып, тәжірибелерін арттырып келді. Біздерге осындай көмек көрсеткен Павлодар қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ химия-биология бағытындағы мектебіне алғыс білдіреміз.