Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

26.09.24 күні ата-аналар қолдау орталығы жобасы аясында, «Даналар мектебі» жоспарына сай » Туыстық қарым-қатынас-баға жетпес байлық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Мектеп психологы ата-аналарды көңілді әнмен қарсы алды. Туыстық қарым-қатынас туралы бейнебаян көрсетіліп, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтар жайлы ата-аналар мен оқушылар пікір бөлісті. Оқушылар жеті аталарын атап, шежіре ағаштарын салып, мақал-мәтелдер айтты. 7 сынып қыздары туыстық қарым-қатынас туралы баяндап, аудандық мәдениет үйінің аға жетекші музыканты Нұрғалиев Қайыр Шаймарданұлы «Туған жер» әнін шашу етті. #АПҚО
#даналық мектебі
#біртұтас_тәрбие_pvl
#біртұтас_тәрбие_тереңкөл_pvl

Толығырақ