Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2025 ЖЫЛҒЫ НЕГІЗГІ ҰБТ-ҒА ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ

12 СӘУІРДЕ БАСТАЛАДЫ

 

Негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 12-25 сәуір аралығында жүзеге асырылады, оның ішінде 12-18 сәуір аралығында бір рет өтініш беруге, 19-25 сәуір аралығында бір немесе екі рет өтініш беруге болады. Тестілеудің өзі 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады. Талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.

ҰБТ-ға қатысу үшін Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты немесе  UTO.kz қосымшасы арқылы өтініш беруге болады. Талапкерлер тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдайды. Бұл ретте олар екі мүмкіндік үшін бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын белгілейді.

Талапкерлердің негізгі ҰБТ-ға дайындығын жақсарту мақсатында енгізілген әр пән бойынша жеке тақырыптық талдау бар.  Яғни, әр ҰБТ-дан кейін (қаңтар, наурыз) түлектерге жеке тақырыптық талдау бойынша білімдерін арттыру ұсынылады. Сонымен қатар, бірінші мүмкіндікті тапсырғаннан кейін олар екінші мүмкіндікке дейін дайындықтарын жақсарта алады. Одан бөлек, онлайн байқау сынақтары іске қосылған. Оқу жылының басында ҰТО сайтында тест тапсырмалары құрастырылған оқулықтар тізімі мен тест жоспары; «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша 100 тарихи дата тізімі; «Информатика» пәнінен терминдер тізімі; «Қазақ әдебиеті» және «Орыс әдебиеті» бойынша әдеби шығармалар тізімі жарияланды.

ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. ҰБТ тапсырмалар саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырмадан. Жоғары балл – 140.

Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.

Академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында ҰБТ-ға қатысушы әрбір адамға жеке жасалған тест нұсқасын алады. Емтихан кезінде тестілеу бағдарламасында калькулятор, химиялық элементтердің периодтық жүйесі және тұздардың ерігіштік кестесі қолжетімді болады. Сонымен қатар талапкерлерге ыңғайлы болу үшін кестелердің қағаз нұсқалары да беріледі.

Апелляцияны тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беруге болады. Сертификат апелляция қаралғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Шекті балдар өзгеріссіз қалды: «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» бағыттарына түсу үшін кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» үшін кемінде 70 балл жинау қажет; ұлттық жоо-ға түсу үшін кемінде 65 балл, басқа жоо-ға түсу үшін кемінде 50 балл жинау қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тестілеуге кіре берісте тыйым салынған заттарды, мысалы, телефондарды, шпаргалкаларды және т.б. алып кіруге жол бермеу үшін қол және рамалық металл іздегіштер қолданылады.

Тестілеу аудиторияларында рұқсат етілген магниттік толқындар шегінде мобильді және радиоэлектронды байланыс сигналдарын басатын құрылғылар пайдаланылады, сондай-ақ бейнебақылау жүргізіледі.

2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе басқа да ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда, талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылады.

 

ПРИЕМ ЗАЯВЛЕНИЙ НА ОСНОВНОЕ ЕНТ-2025 НАЧНЕТСЯ

12 АПРЕЛЯ

 

Срок приема заявлений на основное ЕНТ – с 12 по 25 апреля, в том числе с 12 по 18 апреля можно подать заявление один раз, с 19 по 25 апреля – один или два раза. А само тестирование начнется 16 мая и продолжится до 5 июля. Всем абитуриентам предоставлена возможность сдать основное ЕНТ два раза и участвовать в конкурсе грантов с наилучшим результатом.

Подать заявление на участие в ЕНТ можно на сайте Национального центра тестирования http://app.testcenter.kz или через приложение UTO.kz. Абитуриенты сами выбирают дату, время и пункт тестирования. При этом они могут выбрать лишь одну комбинацию профильных предметов на две попытки.

Для подготовки абитуриентов к основному ЕНТ есть индивидуальный тематический анализ по каждому предмету. То есть, после каждого ЕНТ (январь, март) у выпускников есть возможность подтянуть слабые темы. Кроме того, после сдачи первой попытки у них также будет время улучшить свою подготовку ко второму тестированию. Еще одна возможность – доступ к пробному онлайн-тестированию. А на сайте НЦТ в начале учебного года были опубликованы: список учебников и план теста, по которым составлялись задания; список 100 исторических дат по предметам «История Казахстана» и «Всемирная история»; список терминов по «Информатике»; список литературных произведений по «Казахской литературе» и «Русской литературе».

Количество предметов на ЕНТ остается прежним: три обязательных и два на выбор. Количество заданий – 120, в том числе 20 по «Истории Казахстана», 10 по «Грамотности чтения», 10 по «Математической грамотности» и по 40 по двум профильным предметам. Максимальное количество баллов – 140.

Время тестирования – 4 часа (240 минут). Для детей с особыми образовательными потребностями предусмотрено дополнительное время – 40 минут.

В целях обеспечения академической честности каждый участник ЕНТ получит индивидуально сгенерированный тестовый вариант. Во время экзамена в программе тестирования будут доступны калькулятор, Периодическая система химических элементов и таблица растворимости солей. Дополнительно, для удобства абитуриентов, им будут предоставлены бумажные версии таблиц.

Подать апелляцию можно в течение 30 минут после окончания тестирования. Сертификат с результатами будет доступен в личном кабинете после рассмотрения апелляции.

Пороговые баллы для поступления остаются прежними: для направлений «Право» и «Педагогические науки» необходимо набрать не менее 75 баллов, для «Здравоохранения и социального обеспечения (медицина)» – не менее 70 баллов; для поступления в национальные вузы – не менее 65 баллов, в другие вузы – не менее 50 баллов.

В целях обеспечения безопасности и предотвращения нарушений, при входе на тестирование будут использоваться ручные и рамочные металлоискатели для исключения проноса запрещенных предметов, таких как телефоны, шпаргалки и т.д.

В аудиториях тестирования будут применяться устройства подавления сигналов мобильной и радиоэлектронной связи в пределах допустимых магнитных волн, а также вестись видеонаблюдение.

После завершения ЕНТ-2025, до 31 октября, будет проводиться анализ видеозаписей. В случае выявления фактов использования запрещенных предметов или других нарушений правил, результаты ЕНТ поступающего будут аннулированы.