Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

16 қазан күні мектебімізде «Алтын түлек» 10-11 сынып оқушыларына арналған математика пәнінен Олимпиада болып өтті. Оны Республикалық «ZERDELI» ақыл-ойды дамыту мектебі ұйымдастырды. Мектебімізден 10-11 сынып оқитын 8 оқушы осы Олимпиаданың мектепішілік кезеңіне қатысты. Нәтижесінде жоғары балл жинаған 10 сыныптардан 3 оқушы — А.Ахметова, Г.Арыстанбекова, К.Дауленбаева және 11 сыныптардан 3 оқушы – Б.Кайркеш, Д.Балкыбек, Д.Жусупова келесі өңірлік кезеңге өтті. Келесі кезеңге өткен оқушыларымызға сәттілік тілейміз!