Қаңтардың 19 күні кәсіби бағдар жұмыс жоспарын іске асыру мақсатымен 10-11сыныптар үшін «Ертеңгі болашақ бүгіннен басталады» атты ақпараттық сағат өтті. Іс шара мектепте жаңадан ашылған телестудия кабинетінде бағдарлама форматында өтті.Бағдарламаны кабинет меңгерушісі С.Б.Жылқайдарова таспаға түсірді. Қонаққа ҰБТ ға жауапты мұғалім Ж.С Жумабекова, директордың ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары Е.А. Камзин, Тереңкөл ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары А. С. Камиева мен Е. Б. Арынгалин қатысты. Қонақтар мамандық таңдауда бойынша оқушыларға кеңестерін айтып, өмірлік тәжірибе лерімен бөлісті. Ерден Бауыржанұлы мен Айнұр Сағындыққызы төтенше жағдайлар бойынша қызметке қандай талаптар бойынша қабылданатын айтып, оқушыларға үгіттеу-насихаттау жұмысын жүргізді. Мектеп психологы Н.Ж Шугаипова оқушылармен ойын ойнап, бағдарлама соңында «еркін микрофон» арқылы оқушылар қонақтарға өздерін қызықтыратын сауалдарды қоюға мүмкіндік алды. Іс-шара 10 сынып оқушысы Багай Мединаның орындауында әсем әнмен аяқталды.
https://www.instagram.com/reel/C2Umh_ANWfH/?igsh=dW13d28zZDR3YTg1