Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

02.05.2025  ж Отан қорғаушылар күнін мерекелеуге арналған облыстық іс-шаралар жоспары аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және КСРО Батыры Махмет Қайырбаевтың 100 жылдығына арналған облыстық сап түзеу және ән байқауы өтті.
Байқаудың басты мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, Отан қорғаушы мамандығын насихаттау, сондай-ақ мектептердің әскери-патриоттық клубтарының жұмысын жандандыру және жетілдіру.
Ауқымды іс-шараға өңір мектептерінің әскери-патриоттық клубтарынан 400-ден астам тәрбиеленуші қатысты.
Байқау бағдарламасына келесі кезеңдер кірді:
• қалалар мен аудандардың құрама командаларының салтанатты сапқа тұруы;
• сыртқы киім үлгісін тексеру;
• Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және өзге де әскери құрылымдар саптық Жарғысын білу деңгейін бағалау;
• құрама командалардың саптық жүрісі;
• ән айтып өту кезеңі.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болғандар:
Қалалар арасында:
• І орын – Павлодар қаласы (1-команда)
• ІІ орын – Павлодар қаласы (2-команда)
• ІІІ орын – Екібастұз қаласы
Аудандар арасында:
• І орын – Ертіс ауданы
• ІІ орын – Успен ауданы
• ІІІ орын – Тереңкөл ауданы
Жастар бойында елжандылық қасиетті қалыптастыруға бағытталған бұл байқау – Отанға деген құрметтің, тарихи жадыны дәріптеудің және әскери-патриоттық тәрбиені нығайтудың жарқын үлгісі болды.

https://www.instagram.com/p/DJKADHeCI1G/?igsh=czA5MHFhNXJkczBu