Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2023-2024 оқу жылында  373 оқушымен бастадық. 47 оқушының әлеуметтік мәртебесі расталды. 1-4 сынып бойынша 119 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. 5-11 сынып бойынша 43 оқушы ыстық тамақпен тамақтанды. Әр сыныпқа әлеуметтік төлқұжат жасалынды. Арнайы папка басталып, ішіне тұрмыс жағдайын тексеру актісі салып қойылды. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен әлеуметтік статусқа ие оқушылардың үйірмелер мен секцияларға қатысуын қадағалап отырылады. Мектебімізде түстен кейін үйірмелер (футбол, баскетбол, волейбол) өткізіліп отырылады. Оған қоса мектептен тыс би, оқушылар үйі, БЖСМ жұмыс істейді. Қызығушылығы бойынша оқушылар сол үйірмелерге де барып, қатысады.Әр ай сайын асхана жұмысының сапасын тексеру мақсатымен бракеражды комиссия отырысы өтеді.Бракеражды комиссия мүшелері ас мәзірінің сәйкестігін бақылап, асхана тазалығын қарайды. Дайын өнімнің мөлшерге сәйкестігін және дәмін көреді.

https://www.instagram.com/p/C2l5fQpt1bU/?igsh=YzAyMDM1MGJkZA==

https://www.instagram.com/p/CynJUuKNSML/?igsh=YzAyMDM1MGJkZA==